Ресей мен АҚШ арасындағы келіссөздің екінші кезеңі Эр-Риядта өтуі мүмкін – БАҚ

Фото: ТАСС

АСТАНА. KAZINFORM –  Украина мәселесі бойынша Ресей мен АҚШ арасындағы келіссөздің екінші кезеңі сәуірдің ортасында Эр-Риядта өтуі мүмкін, деп хабарлайды ТАСС.

Еске сала кетейік, АҚШ Ресей және Украинамен өткен келіссөздердің қорытындыларын жариялады.

Бұған дейін Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей мен АҚШ жақын арада жоғары деңгейде келіссөздер жүргізуді жоспарлап отырмағанын мәлімдеген болатын.