деп хабарлайды ИТАР -ТАСС агенттігі.
Жаттығу барысында «лаңкестер басып алған ұшақты бір елдің әскери-әуе күштерінің бақылауынан екінші елдің күштеріне табыс ету» сценарийі жүзеге асырылады. Жаттығудың негізгі штаттары Хабаровскі мен Колорадо-Сипрингсте орналасса, қосалқы штабтары Петропавловск-Камчатск пен Аляскадағы Анкориджде орналасқан.
Жаттығуға ресейлік және американдық тараптар жоюшы ұшақтар мен қашықтықтан радиолокациялаушы ұшақтарды жұмылдырып отыр. Жаттығуға қатыстырылатын ұшақтар, қауіпсіздік мақсатында зымырандармен жарақталмайды.