Ресей мен АҚШ делегациялары үзілістен кейін келіссөздерді қайта бастады
17:52, 24 Наурыз 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Эр-Риядта дүйсенбі күні кеңес өткізіп жатқан Ресей мен АҚШ делегациялары қысқа үзілістен кейін келіссөздерді жалғастырды, деп хабарлайды ТАСС.
- Келіссөздер қайта жалғасты, тараптар түскі асқа арналған қысқа үзілістен соң консультацияларын жалғастыруда, – деді агенттік тілшісі.
Алайда ол кездесудің келесі кезеңі қанша уақытқа созылатынын нақтыламады.
Бұған дейін Эр-Риядта Ресей мен АҚШ делегацияларының консультациясы басталғаны туралы хабарланған болатын.
Сонымен қатар, 23 наурызда Эр-Риядта АҚШ пен Украина делегациялары арасында келіссөздер өткенін еске сала кетейік.