ТАСС ақпаратына сәйкес кездесу 24 наурыз күні таңертең басталады.
— Ресей делегациясы Эр-Риядқа келді, келіссөздер ертең таңертең басталады, — деді Федерация кеңесі Халықаралық істер комитетінің басшысы, делегацияға қатысушылардың бірі Григорий Карасин ТАСС ақпарат агенттігіне.
Еске салсақ, бұған дейін Украинаның Қорғаныс министрі Рүстем Умеров Х әлеуметтік желісінде Сауд Арабиясында АҚШ-тың делегациясымен келіссөздер басталғанын мәлім етті.