АСТАНА. KAZINFORM – Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков Ресей мен АҚШ әзірге жоғары деңгейдегі келіссөзді жоспарлап отырған жоқ екенін айтты, деп хабарлайды Kazinform ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.
– Қазір жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізу жоспарда жоқ. Қажеттілік болса, лезде ұйымдастырылатынын білесіздер, – деді Кремль өкілі.
Ол сондай-ақ әзірге нақты мәліметтер таратуға әлі ерте болса да, Мәскеу мен Вашингтон өзара байланысты жалғастыратынын атап өтті.
Айта кетейік, Ресей делегациясының мүшесі, Федерация Кеңесі халықаралық істер жөніндегі комитетінің басшысы Григорий Карасин Эр-Риядтағы АҚШ - Ресей келіссөзі аяқталғанын мәлімдеді.
Ресеймен келіссөзді аяқтаған АҚШ Украинамен талқылау жүргізіп жатыр.
Жарасқан Нұрыбаев
Нұрыбаев Жарасқан Бекназарұлы
1990 жылдың 12 қаңтарында Өзбекстан Республикасында туған.
"Низами" атындағы Ташкент Мемлекеттік Педагогика Университетінің түлегі.
Газет және телеарналарда тілші әрі тележүргізуші қызметін атқарған.
Бірнеше Халықаралық ақындар мүшәйрасының жүлдегері.
Қазіргі таңда ҚР Президентінің Телерадиокешенінде "Қазақпарат" ХАА шығарушы редакторы