— Ресей мен АҚШ БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің шұғыл жабық консультациясын Батыс Сириядағы бейбіт тұрғындарға қатысты зорлық-зомбылыққа байланысты сұрады, — деп жазды Ресейдің БҰҰ-дағы Тұрақты өкілінің бірінші орынбасары Дмитрий Полянский өзінің Telegram-арнасында.
Сондай-ақ, ол бұл консультацияларды Данияның Кеңес төрағалығы 10 наурызда Нью-Йорк уақытымен 10:00–де (Астана уақытымен 20:00) өткізеді деп күтетінін атап өтті.
Бұған дейін Сирия қауіпсіздік күштері жүздеген бейбіт тұрғынды өлтірді деп айыпталған болатын.
Қарулы топтардың мүшелерін қоса есептегендегі жалпы құрбандар саны мыңға жуық деп бағаланып отыр.