Оның айтуынша, америкалық тарап Запорожье атом электр станциясында (ЗАЭС) майнингті ұйымдастыруға қызығушылық танытып отыр. Сонымен қатар Путиннің сөзінше, АҚШ-тың бастамасымен тараптар Украинаны электр энергиясымен қамтамасыз ету мүмкіндігін де қарастырды.
Ал 24 желтоқсанда Украина президенті Владимир Зеленский Киев пен Вашингтон арасында келісілген «базалық» бейбітшілік жоспарын жариялады. Бұл жоспардың бір тармағында Запорожье АЭС-ін Украина, АҚШ және Ресейдің бірлесіп пайдалануын көздейтін ұсыныс бар.
Бұған дейін Зеленский мен АҚШ делегациясы арасындағы келіссөз 5 сағаттан аса уақытқа созылғанын жаздық.