Ресей мен Әзербайжан AZAL ұшағы апатына байланысты мәселені реттеді

АСТАНА. KAZINFORM – Бүгін, 15 сәуірде Әзербайжан Сыртқы істер министрлігінің сайтында Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігі мен Әзербайжан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің бірлескен мәлімдемесі жарияланды.

Фото: t.me/qr_tjm

- Ресей Федерациясы мен Әзербайжан Республикасы президенттерінің 2025 жылдың 9 қазанында Душанбеде өткен кездесуі барысында қол жеткізген келісімдерге сәйкес, тараптар 2024 жылдың 25 желтоқсанында Ақтау қаласы маңында AZAL компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағының Ресей Федерациясының әуе кеңістігіндегі әуе қорғаныс жүйесінің абайсыз әрекеті салдарынан апатқа ұшырауының салдарын, соның ішінде өтемақы төлеу мәселесін тиісті түрде реттеді. Қабылданған қадамдар одақтас өзара іс-қимыл аясында өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға деген ортақ міндеттемемізді растап отыр. Біз Ресей-Әзербайжан қарым-қатынасының өзара құрмет, сенім және екі тараптың мүдделерін ескеруге негізделген үдемелі дамуы тату көршілік қарым-қатынастарды нығайта беретініне және екі ел халықтарының мүддесі үшін ынтымақтастықты кеңейтетініне сенім білдіреміз, - делінген Әзербайжан СІМ мәлімдемесінде.

Ведомство қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

- Біз ұшақ апатында қаза тапқандардың отбасылары мен достарына тағы қайғырып көңіл айтамыз және осы қайғылы оқиғадан зардап шеккен барша жанмен осы орны толмас қайғыны бөлісеміз, - деп қосты министрлік.

Еске сала кетсек, 2025 жылғы 25 желтоқсанда Бакуден Грозныйға бет алған Әзербайжан әуе жолдарының ұшағы Ақтау маңында апатқа ұшырады. Бортта 67 адам болған, оның 29-ы ауруханаға жатқызылды.