Ресей мен Беларус 2011 жылдан бастап мұнайға баж салығының күшін жояды

АСТАНА. 10 желтоқсан. ҚазАқпарат - Ресей мен Беларус 2011 жылдан бастап мұнайға баж салығының күшін жояды. Бұл туралы БАҚ өкілдеріне Беларус Президенті Александр Лукашенко Мәскеудегі ЕурАзЭҚ Халықаралық кеңесі мәжілісінің қорытындысы бойынша мәлімдеді, деп хабарлайды БЕЛТА агенттігі.

Александр Лукашенко атап өткендей, Беларус тарабының қатысуымен өткен ЕурАзЭҚ Халықаралық кеңесінің бүгінгі мәжілісі алдында «кейбір сақтық шаралары» болды.

Оның сөзіне қарағанда, алға қарай жылжу үшін кедергі келтіретін барлық түсінбеушіліктерді жою керек болған. Мысалға, мұнай және мұнай өнiмдерiне кедендік баж салығының мәселесін шешу күн тәртібінде тұрыпты.