Ол мұны Тверь облысында «Селигер-2011» жастар форумына қатысушылармен кездесуі кезінде мәлімдеді, деп хабарлайды РБК.
«Бұл а) мүмкін; б) өте дұрыс; в) 100% толығымен Беларусь халқының қалауына байланысты», - деді премьер, Беларусьпен біріккен мемлекет құру келешегі жөніндегі сауалға жауап бере келіп.
Сонымен қатар РФ Үкіметінің басшысы: «Беларусьте әр түрлі көзқарастағы түрлі адамдар тұрады, сондықтан барлығының да пікірлері ескерілуі керек", - деп мойындады.