Ресей мен Беларус премьерлері Кедендік одақ шеңберінде өзара әрекеттестіктің болашағын талқылайды

None
АСТАНА. 18 қаңтар. ҚазАқпарат - РФ Премьер-министрі Владимир Путин 2011 жылдың 20 қаңтарында жұмыс сапарымен Ресейге келетін өзінің беларустық әріптесі Михаил Мясниковичпен келіссөздер өткізеді,

деп хабарлайды РБК РФ үкіметінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

В. Путин мен М.Мясникович екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, атап айтқанда сауда-экономикалық және энергетика салаларында, сонымен қатар Кедендік одағы шеңберінде өзара әрекеттестіктің болашағын талқылайды.