Ресей мен Беларустың арасындағы қалған келіспеушіліктер Кеден одағымен байланысты емес - В.Путин
10:51, 31 Мамыр 2010
            АСТАНА.  Мамырдың 31-і.  ҚазАқпарат /Мұратбек Мақұлбеков/ -   Ресей мен Беларустың арасындағы қалған келіспеушіліктер   Кеден одағымен   байланысты емес.  Бұл туралы   Ресей Федерациясының Премьер-министрі Владимир  Путин  Санкт-Петерборда     өткен  Кеден одағының жоғарғы органының мәжілісінде мәлім етті.
                «Іс жүзінде, беларус әріптестерімізбен арада Кеден одағымен байланысы жоқ бір ғана келіспеушілік қалып отыр. Ол - мұнай мен мұнай өнімдерінің экспорттық баж салығы», - деді В.Путин.
В.Путин, бұл тақырыпты беларус тарабы мамырдың 21-інде өткен Кеден Одағы жоғарғы органының мәжілісінде көтергенін еске салды. Ресей премьері сондай-ақ, Беларус Премьер-министрінің телефонмен болған әңгіме барысында Президент Александр Лукашенкоға сілтеме жасап, Беларус тарабының үшжақты форматта Кеден одағын құру жұмыстарын жалғастыруға дайын екенін қуаттағанын жеткізді.