Ресей мен Қазақстан агроөнеркəсіп кешеніндегі жаңа мүмкіндіктерді талқылауда (ФОТО)
11:34, 28 Қазан 2015
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ауыл шаруашылығы саласындағы «KazAgro/KazFarm-2015» халықаралық көрмесі аясында бүгін Ресейдің агроөнеркəсіптік компанияларының бизнес-миссиясы өтті.
Компания өкілдерінің айтуынша, бизнес-миссияның мақсаты - агроөнеркəсіптік кешен саласындағы Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясының арасында сауда-экономикалық ынтымақтастықты нығайту. Айта кетейік, бизнес-миссияға қатысуға екі елден шамамен 100-ге жуық компания қатысуда. «Бизнес-миссия аграрлық салада озық технологияларды пайдаланып жүрген Ресей жəне Қазақстан компанияларының арасында тікелей диалог орнатуға мүмкіндік береді. Сондай-ақ миссияның мақсаты - екі елдің де кəсіпорындарын бəсекеге қабілетті ете түсу үшін ауыл шаруашылығындағы жүйелі жұмыстарды бір ізге салу», - дейді ұйымдастырушылар.