«Келісім 2025 жылға дейін ұзартылды. Ол қолданыстағы келісімшарттармен 2019 жылға дейін үйлестірілді, онымен қоса тараптардың бірі жарты жыл бұрын басқа тарапқа келісімнен шығуы туралы ескертпесе, келісімшарт бес жыл сайын автоматты түрде ұзартылады», - деді Яновский.
Тиісті құжатқа 29 мамырда Астанада қол қойылды. Қол қою рәсімі екі ел президенттерінің қатысуымен өтті. Бейсенбі күні Ресей, Беларусь, Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа қол қойды, алайда мұнай мен мұнай өнімдері нарығы 2025 жылға дейін екі жақты негізде оның периметрінен шығарылды, онда бірлестік ішіндегі еркін сауда режімінен барлық алымдарды кезең-кезеңмен жою жоспарлануда.