Мемлекет басшылары ұдайы пікір алысулар ауқымында екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін, сондай-ақ Қырғызстандағы жағдайдың дамуын талқылады.
Д.Медведев пен Н.Назарбаев бұдан бөлек Кеден одағы тақырыбын және осыған байланысты екі елдің Кеден одағын қалыптастырудың барлық мәселелерін тезірек шешу мақсатындағы бірлескен іс-қимылының мүмкіндіктерін қозғады.