Ресей мен Қазақстанның арнайы қызметі бірнеше лаңкестік әрекеттің алдын алды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей мен Қазақстанның арнайы қызметі Ресей территориясында жасалмақ болған терактының алдын алды, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

Минскіде РФ ФҚҚ-нің директоры Александр Бортников осындай мәлімдеме жасаған. Оның айтуынша ақпан айында ФҚҚ мен Қазақстанның ҰҚК Ресейдің әр аймағында лаңкестік әрекеттер ұйымдастырмақ болған ондаған қылмыстық топты анықтағанын жеткізді. Бұл туралы ria.ru сайты жазды.