Бұл туралы «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Баканов мәлімдеді.
— Бізде «Чанъэ-7» бірлескен Ай миссиясы бар. Сондай-ақ Марсты зерттеуге арналған бірлескен миссияны бастаймыз. Оның аясында ғылыми аспаптар мен техника әзірленеді, — деді «Роскосмос» бас директоры Дмитрий Баканов.
Оның айтуынша, бұл жоба Ресей мен Қытайдың ғарыш саласындағы ынтымақтастығының негізгі бағыттарының бірі болады.
Ресей мен Қытай ғарыш саласында бірқатар ірі жобаны бірлесіп жүзеге асырып келеді. Ынтымақтастықтың басым бағыттарының бірі — Халықаралық ғылыми Ай станциясы (ХҒАС) жобасы. Оған 16 ел мен екі халықаралық ұйым қатысады.
Бұған дейін Қытайдың ауқымды ғарыштық миссияларды жүзеге асыруды жоспарлап отырғанын хабарланғанбыз.
Сондай-ақ қытайлық ғалымдар Марс жағдайында тіршілік ете алатын өсімдік түрін тапқаны туралы жазған едік.