«Бұрын жүк көліктері Ресейге бару үшін бір апта жүрсе, енді жол екі тәулікке қысқарды», - деген қытайлық Xinjiang Xinde International Transportation көлік компаниясы өкілінің пікірін келтіреді басылым.
Бұл оқиға «Белдеу мен Жол» бастамаларын (Жібек жолының экономикалық белдеуі және «XXI ғасырдың Теңіздік жібек жолы») іске асыру аясында Қытай-Еуропа халықаралық көлік дәлізін құруға маңызды қадам ретінде қаралады, делінген мақалада.