Кездесуге ҚМДБ Ғұламалар Кеңесінің хатшысы Ершат Оңғаров, ҚМДБ Баспасөз бөлімінің меңгерушісі Ағабек Қонарбайұлы, ҚМДБ Іс басқарушысы Ербосын Орын қатысты.
Консул мырза қазақстандық делегация мүшелеріне қаладағы қазақтардың бүгінгі тыныс-тіршілігі туралы баяндап берді. Елдар Асқарұлының айтуынша, бүгінде Омбыда қазақтар саны 100 мыңнан асады. 8 мешіт бар екен. 10-ға жуық қазақ ұйымдары мен қоғамдық бірлестіктер жұмыс істейді.
Консул Омбыдағы қазақ имамдарына қамқорлық жасап келе жатқан Қазақстан мұсылмандары діни басқармасына алғысын жеткізді.
«Шеттегі қандастарға қамқорлық жасау - біздің міндетіміз. Қазір Омбы, Орынбор, Моңғолия, Алтайдағы қазақ имамдары Алматыдағы Ислам институтында білімін жетілдіріп жатыр. Шетелдегі қазақ молдаларын қазақ тіліндегі діни оқу құралдармен, діни киімдермен қамтамасыз етіп отырмыз», - деді Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы.