«Бұл мәселені реттеуге қатысқандар ауқымды жұмыстарды атқарды. Осы ретте кебір қадамдар нәтижелі болса, ал кейбірі сәтсіз аяқталды. Сол кездегі жағдайды есіме ала отырып, аса құрметті Нұрсұлтан Назарбаев бастапқыдан өзін байсалды ұстап, баршасын сабырға шақырып, проблеманы тек өзара диалог арқылы ғана шешуге айрықша екпін қойды», - деп тоқталды Түркия Президентінің көмекшісі Ибрагим Калын.
Оның сөзіне қарағанда, егер де Ресей мен Түркия дағдарысы әлі күнге дейін жалғасса, онда Астана процесі болмас еді.
Өз кезегінде Түркия СІМ басшысы Мевлют Чавушоглу Нұрсұлтан Назарбаевты барша Түркі әлемінің ақсақалы екенін қадап айтты. «Ресей мен Түркия арасындағы байланыстарды жандандыруда Қазақстан Президенті негізгі себепші болды. Ол өзінің көшбасшылық ерекше қасиетін кезекті рет көрсетті. Сондықтан біз осы көмегі үшін әрқашан да қарыздармыз», - деді Түркия Сыртқы істер министрі.
Сонымен қатар деректі фильм барасында түрік кәсіпкері Невзат Сарычилик аталған дағдарысты шешудегі еңбегі үшін Елбасыға жеке алғысын жеткізе келе, Түркия халқы Қазақстан Президентін өте құрметтейтінін атап өтті.
Айта кетейік, «Бітімгер миссиясы» - бұл Президент баспасөз қызметі мен «Хабар» телеарнасының бірлескен жобасы. Фильмде Түркияның шекара аумағына кіріп кеткен Ресейдің СУ-24 ұшағының атып түсірілуінен кейін екі елдің арасында туындаған шиеленіскен ахуалды реттеудің қадамдар зерттелген. Бұл тұрғыда Түркия мен Ресей арасындағы жағдайды ретке келтіруге бағытталған Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ауқымды әрі парасатты еңбегі егжей-тегжейлі баяндалады. Осы орайда Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайып Ердоғанның тағдыршешті хатын РФ Президенті Владимир Путинге жеткізу қадамы қалай өрбігендегі, осы маңызды істе тараптардың атқарған қызметі толық көрсетілген.