Ресей мен Түркия «Түрік ағыны» жобасы бойынша келісімге қол қойды
14:01, 11 Қазан 2016
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей мен Түркия «Түрік ағыны» газ құбырының құрылысы бойынша үкіметаралық келісімге қол қойды.
Мемлекет басшылары Владимир Путин мен Тайып Ердоғанның қатысуымен келісімге Ресей энергетика министрі Александр Новак пен Түркия энергетика және табиғи ресурстар министрі Берат Албайрак қол қойды.
Путиннің айтуынша, жобаны талқылау барысында Мәскеу мен Анкара сондай-ақ, Түркияға газға жеңілдіктер беру туралы уағдаласты. Өз кезегінде Ердоған, «Түрік ағыны» бойынша жұмыстар жеделдетілетінін айтты.
«Газпром» басшысы Алексей Миллер бұған дейін хабарлағандай, Ресей мен Түркия арасындағы келісім Қара теңіз түбімен екі газ құбыры желісінің құрылысын қарастырады, әр желінің қуаты 15 миллиардтан астам текше метр газды құрайды.