Ресей мен Украина алты айдан бері алғаш рет тұтқын алмасты

Ресей мен Украина соңғы алты айда алғаш рет тұтқын алмасты. Мәскеуден хабарлағандай, Украинадағы әскери іс-әрекетке қатысқан 248 ресейлік елге оралды. Ал Киев 230 адам, оның ішінде алты бейбіт тұрғынның елге оралғанын растады. Kazinform бұл туралы Euronews -ке сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: t.me/Koord_shtab

Украина дереккөздерінің хабарлауынша, босатылғандар арасында Мариуполь, «Азовсталь» және «Змеиный» аралдарының қорғаушылары бар.

Жоғарғы Раданың Адам құқықтары жөніндегі уәкілі Дмитрий Лубинецтің нақтылауынша, бұл тараптар арасындағы 49-шы алмасу болды.

Әскери тұтқындарды үйлестіру штабының мәліметінше, бұл «қайтарылған қорғаушылар саны бойынша ең үлкен алмасу».

Операцияның БАӘ делдалдығымен жүргізілгені хабарланды.

Фото: t.me/Koord_shtab

Киевтің ресми мәліметіне сәйкес, 2023 жылдың аяғында Ресей тұтқынында 4337 адам болған, оның 763-і — бейбіт тұрғындар.

Мәскеу былтыр күзде Украина тұтқынында 500 ресейлік бар екенін мәлімдеген.