Ресей мен Украина арасындағы келіссөздер 2 маусым күнге жоспарланды
20:07, 01 Маусым 2025
АСТАНА. KAZINFORM – Ресей мен Украина келіссөздері жоспарланғандай 2 маусымда Ыстанбұлдағы Чыраған сарайында сағат 13:00-де өтеді, деп хабарлайды Kazinform ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.
– Ресей мен Украина делегациялары арасындағы келіссөздер ертең сағат 13:00-де Чыраган сарайында жоспарланған, - деп хабарлады ТАСС агенттігіне Түркияның сыртқы істер министрлігіндегі дереккөз.
Еске сала кетейік, бұған дейін Ыстанбұлдағы келіссөздің екінші кезеңінде ресейлік делегацияның құрамы өзгеріссіз қалатынын жазған едік.