Ресей мен Украина осы аптада бейбіт келісімге қол жеткізуі мүмкін - Трамп

Фото: Фото: ua.depositphotos.com

АСТАНА. KAZINFORM - АҚШ президенті Дональд Трамп жексенбі күні Ресей мен Украина бітімгершілік келісімге осы аптада қол жеткізе алатынын айтты, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

- Осы аптада Ресей мен Украина келісім жасайды деп үміттенемін. Осыдан кейін екі ел де Америка Құрама Штаттарымен үлкен бизнеске кіріседі, өркендеп, бай болады! — деп жазды Дональд Трамп Truth әлеуметтік желісінде.

Парижде Украина бойынша келіссөздер оң бағасын алғаны бұған дейін хабарланған болатын. Франция президенті Эмманюэль Макрон АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионы Елисей сарайында қабылдады. Украиналық және еуропалық шенеуніктер «президент Дональд Трамптың Украинадағы соғысты мүмкіндігінше тезірек тоқтату мақсатын» және «мүмкіндігінше атысты тез арада толық тоқтату қажеттілігін» «ортақ қолдайтындарын» атап өтті.

Сондай-ақ Украина мен АҚШ минералды ресурстарға қатысты келісім туралы меморандумға қол қойды. 24 сәуірде минералды шикізат туралы келісімге қол қойылады.