Ресей мұнай өндірушілер үшін бензин экспортына салынған тыйымды алып тастады

АСТАНА. KAZINFORM – 2024 жылдың соңына дейін енгізілген бензин экспортына уақытша тыйым салу 2025 жылдың 31 қаңтарына дейін ұзартылды. Бұл туралы РФ Үкіметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Фото: ҚР ТЖМ

– Шектеу тікелей мұнай өнімдерін өндірушілердің жеткізіліміне қолданылмайды, – делінген хабарламада.

Министрлер кабинетінде хабарланғандай, шешім ішкі отын нарығындағы тұрақты жағдайды сақтау, мұнай өңдеу экономикасын қолдау, автокөлік бензинінің сұр экспортына қарсы іс-қимыл мақсатында қабылданды.

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан ЕАЭО елдерінен тыс жерлерге бензин мен дизель отынын экспорттауға тыйым салатынын жазған едік.

Сонымен қатар, биыл Қазақстан Республикасында мұнай-химия өнімдерін өндіру 171,2%-ға өскен.