АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресей Федерациясының үкіметі Қазақстан арқылы Қытайға мұнай транзитінің мерзімін ұзартты. Құжат бойынша мұнай жеткізу мерзімі - 2034 жылдың 1 қаңтарына дейін, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Келісім «Атасу – Алашанкөл» құбырымен Қазақстан арқылы Қытайға жылына 10 млн тоннаға дейінгі көлемде Ресей мұнайын тасымалдауды көздейді.
Мұнай транзитін ресейлік «Роснефть» және қазақстандық «ҚазТрансОйл» компаниясы жүзеге асырады.
Айта кетсек, Қазақстан мен Ресей арасындағы келісім 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданылады.
Дәулет Ізтілеу
Ы.Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының түлегі. Бұған дейін "Қазконтент" АҚ e-history порталында тілші, "Елорда инфо" ақпарат порталында тілші болған. 2018 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің тілшісі.