18:09, 06 Сәуір 2009
«Ресей-НАТО» Кеңесінің жұмысы қалпына келтіріледі
СТРАСБУРГ. Сәуірдің 6-сы. ҚазАқпарат /Ержан Оспанов/ - Солтүстікатлантикалық одақтың мерейтойлық саммитінде қаралған басты мәселелердің бірі – Ресеймен қатынастың жайы болды.
Мұнда «Ресей-НАТО» Кеңесінің жұмысы қайтадан жалғастырылатыны ресми түрде жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.Форумда Ресейдің қатысуынсыз еуропалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мүмкін емес екені айтылды. Сондықтан да НАТО Ресеймен ынтымақтастыққа ниетті. Ресеймен ынтымақтастықты қайта жалғастыру тараптарда кейбір мәселелер бойынша қайшылықтар қалған жоқ дегенді білдірмейді.«Ресей-НАТО» Кеңесінің отырысы сәуір айына жоспарланып отыр.Естеріңізге сала кетейік, «Ресей-НАТО» Кеңесінің жұмысын Блок біржақты тәртіппен Грузиядағы тамыз жанжалынан кейін үзген болатын.