Ресей ОПЕК сессиясына қатыспайды

МӘСКЕУ. Мамырдың 21-і. ҚазАқпарат – Ресей Федерациясының бірінші вице-премьері Игорь Сечин мамырдың 28-іне жоспарланған ОПЕК-тің кезектен тыс сессиясына Ресей делегациясының қатыспайтынын айтты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат Утро.ру сайтына сілтеме жасап.«Кезектен тыс сессияға тек ОПЕК мүшелері ғана қатысады, сондықтан ресейлік делегацияның онда баруы екіталай», ? деді Сечин Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевпен бірге Хабаров мұнай өңдеу зауытында болған кезінде.