Ресей орманында адасқан қазақстандық балаларымен далада түнеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ресейдің Тағанай орманында 32 жастағы қазақстандық үш баласымен адасып кеткен, деп хабарлады u74.ru.

«Жұмадан сенбіге қараған түні Тағанай ұлттық саябақ ауданында қазақстандық әйел үш баласымен жоғалып кетті», - делінген хабарламада. 22 шілдеде Тағанай ұлттық саябағы бойынша Қазақстаннан келген 9 адамнан тұратын туристік топ саяхаттаған. Бір сәтте командадағы 4 адам жоғалып кеткен.

ТЖМ баспасөз қызметінде хабарлағандай, оларды іздеуге Златоуст қаласының құтқарушылары тартылды. Метеостансадан Тағанайға жеткен топ Круглица арқылы өтпекші болған - таныстары солай кеңес берген. Тек демалыс уақытында 32 жастағы әйел 13, 14 және 9 жастағы балаларымен сәл алға озып кеткен, сосын басқа жаққа бұрылып, көрінбей кетті.

Күн қараңғыланғанда топ 112 нөміріне хабарласқан. Құтқарушылар оны таңға жақын Круглица тауының маңынан тапты.