«Ресей Орталық Азиядағы достарымызбен көпжақты кооперацияны нығайтуға дайын. Атап айтқанда жаңа өндірістік-өткізу тізбектерін құруға қатысу, бірлескен кәсіпорындардың үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, сол сияқты баламалы логистикалық схемаларды құруға ашықпыз. Сондай-ақ, сіздердің елдеріңіз импортты алмасу, басқа да бағдарламалар мен жобалар бойынша Ресейдің ауқымды бастамаларына қосылуға қызығушылық танытып отыр, – деді Владимир Путин Астанада өткен «Орталық Азия – Ресей» саммитінде.
Оның айтуынша, Ресей - Орталық Азия елдері экономикасындағы жетекші инвестор. Ткелей инвестициялардың жалпы көлемі шамамен 5 млрд долларды құрайды.
Сонымен қатар қазір Ресей Федерациясы келісімшарттар бойынша есеп айырысу үшін ресейлік қаржылық хабарламаларды беру жүйесін қолдануға көшіп жатыр.
«Біздің ел Орталық Азияның бірлескен энергия жүйесін қалпына келтіруге практикалық көмек көрсетуге дайын. Бұл өңірдің барлық елдерінің энергетикалық қауіпсіздігін арттыратыны сөзсіз. Мұнай тасымалдау бағыттарын кеңейту, Каспий теңізінде энергия ресурстарының қорын бірлесіп игеру, қолжетімді және таза газ моторлы отынмен қамтамасыз етудің перспективасы зор. Сондай-ақ, құбырларды салу және кеңейту, көмір саудасы мен оны Азия нарығына тасымалдау көлемін ұлғайту да маңызды», - деп толықтырды Ресей президенті.
Айта кетсек, Владимир Путин Ресей мен Орталық Азия елдері арасында дамыта түсуге ие салаларды атап көрсетті .
Сондай-ақ, Ресей басшысы Ауғанстанның қазіргі билігімен жұмыс істеу керектігін мәлімдеді .