Ол «Роскосмосты» 2011 жылдың сәуірінен бері басқарып келеді.
В. Поповкиннің бұл қызметтегі жұмысы барысында және оның алдындағы басшылықтың кезінде де ресейлік ғарыш саласында бірқатар ірі апаттар орын алды.
Соңғы резонансты апат биылғы 2 шілдеде болған еді.
Еске салсақ, ДМ-03 үдеткіш блогы және «Глонасс-М» үш ресейлік навигациялық ғарыш аппараты бар «Протон-М» зымыран-тасығышы 2 шілде күні жергілікті уақыт бойынша сағат 08.38-де «Байқоңыр» ғарыш айлағының №81 алаңынан ұшырылымы жоспарланған болатын. «Протон-М» зымыран-тасығышы ұшырылымның 10-секундында жерге құлап, жарылды. Апат ұшыру алаңынан 2-3 шақырым жерде орын алды.