Ресей премьері Елбасын туған күнімен құттықтады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведевпен телефон арқылы әңгімелесті.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

Әңгімелесу барысында Дмитрий Медведев Нұрсұлтан Назарбаевқа туған күніне арнаған құттықтауын жеткізіп, денсаулық, бақ-береке және жұмысына жаңа табыстар тіледі.