Ресей Президенті Қасым Жомарт Тоқаевқа әкесіне арналған наградалық парақты табыстады

Фото: Фото: видеоан алынған кадр

АСТАНА. KAZINFORM - Ресей Президенті Владимир Путин Қасым Жомарт Тоқаевқа әкесі Кемел Тоқаевқа арналған Кеңес Одағының Батыры атағы бойынша наградалық парақты табыстады, деп хабарлайды «Кремль жаңалықтары» Telegram арнасына сілтеме жасап.

Айта кетейік, Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жеңістің 80 жылдығына арналған іс-шараларға қатысу үшін Ресейге барған болатын.

Президент Мәскеуде Венесуэла Президенті Николас Мадуромен кездесіп, оны елге мемлкеттік сапармен келуге шақырды.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы Ресейде Мьянма Премьер-министрімен, Сербия басшысымен кездесті.

Президент Қызыл алаңдағы парадқа қатысқан сарбаздарға құрмет көрсетті.

Мемлекет басшысы Белгісіз жауынгердің бейітіне гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.

Ақорда Мәскеуде өткен Жеңіс парадының суреттерін жариялады.