Бұған дейін РФ Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) Сергей Малинкович ("Коммунисты России") пен Борис Надеждинді ("Гражданская инициатива") сайлауға тіркеуден бас тартқан болатын.
Тек Слуцкий, Харитонов, Путин және Даванков 10 ақпанда аяқталатын тіркеу кезеңінен сәтті өтті.
Еске сала кетейік, Ресейде президенттік сайлау 2024 жылдың 17 наурызында өтеді. РФ ОСК Ресей Федерациясының президенттігіне өзін-өзі ұсынған кандидат ретінде қазіргі мемлекет басшысы Владимир Путинді тіркеді.