ТАШКЕНТ. KAZINFORM – Ресей президенті Владимир Путин 26-27 мамырда Өзбекстанға мемлекеттік сапармен келеді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің Ташкенттегі меншікті тілшісі Әлихан Асқар.
Ресей басшысының көмекшісі Юрий Ушаковтың ТАСС агенттігіне ұсынған ақпаратына сай, сапар барысында қос тарап бірқатар құжатқа қол қоймақ.
Айта кетейік, 21 мамырда Владимир Путин мен Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев телефон арқылы сөйлесіп, жоспарланып отырған кездесулер мен іс-шаралар кестесін талқылаған болатын.
Владимир Путин кейінгі рет Өзбекстанға 2022 жылы қыркүйек айында Самарқандағы ШЫҰ-ның (ШЫҰ) саммитіне қатысу үшін барған.
Әлихан Асқар
2018 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Әр жылдары облыстық Qostanai, республикалық Astana TV, «Жетінші арна» телеарналарындағы бағдарлама және жаңалықтар бөлімінде қызмет етті. «ҚР Президенті телерадиокешенінде» 2022 жылдың мамырынан бастап еңбек етеді. 2023 жылдан бері Kazinform агенттігінің Өзбекстандағы меншікті тілшісі.