«Владимир Путин айналасында анықталған коронавирус жағдайларына байланысты белгілі бір уақыт аралығында өзін-өзі оқшаулау режимін сақтау керек екенін хабарлады», - делінген хабарламада.
Осыны ескере отырып, Ресей Президенті осы аптада Душанбедегі ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің жоспарланған сессиясына, Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер Басшылары кеңесінің отырысына және ҰҚШҰ мен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер басшыларының бірлескен отырысына видоконференция режимінде қатысады, деп хабарлады Кремльдің баспасөз қызметі.
16:02, 14 Қыркүйек 2021
Ресей президенті карантинге жататынын айтты
МӘСКЕУ. ТАСС-ҚазАқпарат – Ресей президенті Владимир Путин Тәжікстан президенті Эмомали Рахмоновпен әңгіме барысында өзінің айналасында корнавируспен ауырғандардың көбеюіне байланысты өзін-өзі оқшаулауға көшуге мәжбүр екенін айтты. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.