Ресей Президенті Қазақстан басшысына Алматы түбіндегі авиаапатқа байланысты көңіл айтты

АСТАНА. 29 қаңтар. ҚазАқпарат - Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа бүгін Алматы түбінде болған авиаапатқа байланысты көңіл айтты.

Бұл туралы Ресей Федерациясы басшысының баспасөз қызметі хабарлайды.

В.Путин қаза болғандардың туыстары мен жақындарына шынайы қайғырған сөздері мен қолдауын жеткізді.