Ресей президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Twitter-де қазақша құттықтады
07:35, 07 Шілде 2010
МӘСКЕУ. Шілденің 7-сі. ҚазАқпарат /Нарымбек Ысмағұлов/ - Ресей Президенті Дмитрий Медведев Twitter-дегі өзінің жеке бетінде Қазақстан Басшысы Нұрсұлтан Назарбаевты мерейтойымен қазақ тілінде құттықтады.
«Бүгін Ресейдің жақын досы Нұрсұлтан Назарбаев 70 жасқа толды. Туған күніңізбен! Сізді мерейтойыңызбен құттықтаймын!», - деп жазды Д. Медведев қазақ тілінде.