Ресей Президентінің Жарлығымен Владимир Толоконников Достық орденімен марапатталды
19:17, 08 Мамыр 2009
АСТАНА. Мамырдың 8-і. ҚазАқпарат – Ресей Федерациясының Президенті Дмитрий Медведевтің Жарлығымен М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс театрының әртісі Владимир Толоконников Достық орденімен марапатталды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат РФ Президентінің сайтына сілтеме жасап. Жарлықта Қазақстан Республикасының азаматы, М.Лермонтов атындағы мемлекеттік академиялық орыс театрының әртісі Владимир Алексеевич Толоконниковтің театр және кинематография өнерін дамытуға, Қазақстан Республикасында орыс мәдениеті мен орыс тілін таратуға қосқан зор үлесі атап көрсетілген.