«Қазақстан – біздің ең жақын одақтастарымыздың бірі. Бізде бірегей қарым-қатынас қалыптасты. Оны Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев орнатты және қазір бұл бағытты Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұстанып, осы қарым-қатынасты қолдауда», - деді В. Путин.
Ол коронавирус пандемиясы жоспарланған бірқатар бірлескен іс-шараларды өткізуге мүмкіндік бермегенін атап өтіп, Қазақстан Президенті мен Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасының Ресей Федерациясы басшысының шақыруын қабылдап, келесі аптада Санкт-Петербургке ЕурАзЭҚ және ҰҚШҰ мүшелерінің дәстүрлі бейресми кездесуіне келетініне үміттенетінін жеткізді.
«Бұған сенім артып отырмын. Қазақстан басшылығы алдын ала режимде бұған келісті», - деді ол.
Авторы Нарымбек Ысмағұлов