Ресей шекарашыларының бір тобы Ош қаласына келіп жетті
19:09, 30 Қыркүйек 2010
БІШКЕК. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Арнұр Рахымбеков/ - Қырғыз-ресей келісіміне сәйкес Қырғызстанның оңтүстігіне Ресей Федерациясы шекара қызметінің бір тобы келді.
Ресейдің шекара жауынгерлерінің басшысы Владимир Проничевтың Бішкекке жасаған сапарының қорытындылары бойынша және Қырғызстанның шекара қызметін басқаратын Закир Тіленовпен өткізген келіссөздердің қорытындыларына сәйкес Ош қаласына ресейлік жауынгерлерді жіберу туралы шешім қабылданған болатын.
Аймақтық БАҚ-тардың ақпаратына сүйенсек, қырық адамнан құралған жедел топ Ош қаласына келіп, қала орталығындағы жеке үйге тұрақтанған. Қырғызстандағы парламенттік сайлаулардан кейін Еуропадағы Қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының полицейлері келеді деп күтілуде.