Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров Самарқандқа барды
АСТАНА. KAZINFORM — Ресей Сыртқы істер министрі Сергей Лавров ресми сапармен Самарқандқа барды.
Бұл туралы Өзбекстан Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы хабарлады.
Сапар барысында екі елдің сыртқы саясат ведомстволарының басшылары арасында кездесу мен келіссөз өткізу, сондай-ақ Өзбекстан-Ресей ынтымақтастығының өзекті мәселелерін талқылау жоспарланғаны атап өтілді.
«Коммерсант» басылымының мәліметінше, Ресей Сыртқы істер министрі Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёевпен де кездеседі деп күтілуде.
— Кездесу барысында қазіргі күрделі геосаяси жағдайдағы сыртқы саяси ынтымақтастыққа басты назар аударылады, — делінген хабарламада.
Сондай-ақ тараптар Ресей Президенті Владимир Путиннің 2024 жылғы мамырда Өзбекстанға мемлекеттік сапары барысында қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асыруды жандандыру арқылы Ресей-Өзбекстан жан-жақты стратегиялық серіктестігі мен одақтастық қатынастарын одан әрі дамыту мәселелерін қарастырады.
Еске сала кетейік, Лавров 22-23 сәуірде Өзбекстанға баратыны жайлы жазған едік.