Сотқа Лепс шығармаларына құқығы бар «Никитин Медиа Диджитал Контент» дыбыс жазу студиясы шағымданған.
Компания әншінің 10 аудиотрегіне еркін қол жеткізе алатындай орналастырғандары үшін әлеуметтік желінің 750 мың рубль төлеуін және әндерді өшіруін талап еткен.
Іс шамамен екі жыл қаралды. Бастапқыда шағымданушы жеңілген, алайда кассациялық шағым келтіріліп, іс қайта қаралды.