Ресей соты шіркеуде покемон аулаған блогерді тұтқындады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Екатеринбордың Киров аудандық соты шіркеуде покемон аулаған видеоблогер Руслан Соколовскийді тұтқынға алды. Znak.com хабарлауынша, судья Кристина Упорованың шешімімен Соколовский қамауға алынды. Оның қанша уақытта қамауда болатыны әзірге айтылмады.

Соколовский  интернетке «Храм-на-Крови» шіркеуінде  Pokemon Go ойнағаны жайлы видеоролик жүктеген. Жазба православ қайраткерлерінің наразылығын тудырды, құқық қорғау органдарының да назарына ілікті. Соколовский ұсталып, қазір жауап алынуда.

Блогерге Ресейдің ҚК-ніңі 148, 282-баптары бойынша қылмыс жасады деген айып тағылуда.

Соколовскийдің адвокаты Станислав Ильченко журналистерге тұтқындау артық шара екендігін, әрі тергеу қызметі айыпталушыға қысым жасау үшін пайдалану мүмкін екендігін хабарлады.