Егер АҚШ өзінің зымыранға қарсы қорғаныс жүйесін дамытуды одан ары жалғастырар болса Ресей дәл осындай қадамға бармақ.
ВВС-дің хабарлауынша, бұл жайында РФ СІМ Қауіпсіздік және қарусыздану департаментінің директоры Михаил Ульянов мәлім еткен.
«АҚШ-тың Ресейдің мүддесін ескерместен зымыранға қарсы қорғаныс әлеуетін ұлғайтуды жалғастыра беруі алаңдатады. Мұндай саясат стратегиялық тұрақтылықтың бұзылуына және Ресейдің келісімшарттан шығу құқығын пайдалануға итермелеу жағдайына әкеле алады»,- деді ол Интерфакске берген сұхбатында.
Айта кетейік, 2010 жылдың сәуірінде АҚШ пен Ресей арасындағы стратегиялық шабуылдаушы қару-жарақтар туралы келісімшартқа Прагада қол қойылған еді. Аталған құжатқа сәйкес 2 мемлекет өздеріндегі ядролық оқтұмсықтар санын 1550-ге дейін азайтуы тиіс. Ал құрылықаралық баллистикалық зымырандар саны 700-ден аспауы керек.