РФ-дағы ҚР елшілігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Г. Карасин қазақстандық дипломатиялық миссияның басшысын атқарған жемісті де табысты қызметі үшін, атап айтқанда Қазақстан мен Ресей арасында достық қарым-қатынасты нығайтуға атсалысқаны үшін алғысын білдіріп, «Халықаралық ынтымақтастыққа қосқан үлесі үшін» РФ СІМ-нің төсбелгісімен марапаттады.
Бұған дейін, РФ ішкі істер министрі Рашид Нұрғалиев Ресей мен Қазақстанның құқық қорғау органдарында ынтымақтастық орнатуға үлес қосқаны үшін З. Тұрысбековты «Жауынгерлік достастық үшін» медалімен марапаттаған болатын.