«Ресейдің ауыл шаруашылығы өнімдерін қадағалау органы біздерге хат жолдады. Онда Польшаның 14 балық өңдеу кәсіпорнын инспекциялаудан бас тартқаны айтылған. Осыған орай Ресейдің ауыл шаруашылығы өнімдерін қадағалау органы Польшаның аталған 14 кәсіпорнынан балық өнімдерін алуға уақытша шектеу енгізді. Біз бұл шектеу шарасына қосылмаймыз. Өйткені, «Инспекция жүргізу туралы» қолданыстағы ережеге сәйкес егер инспекция жүргізілмесе онда нәтиже де жоқ деген сөз. Сондықтан Қазақстан жоқ нәтижеге қосыла алмайды», - деді ол.
Оның атап өтуінше, инспекция нәтижесінде кәсіпорынның сапа, қауіпсіздік талаптарына сәйкестігі, яғни, олардың қауіпсіз өнім шығаратындығы көрсетілуі тиіс.
«Бірақ, ЕАЭО-ның техникалық регламент талаптарына сай келмейтін сапасы төмен өнімдердің анықталу деректері тіркелген жоқ. Себебі, инспекцияның өзі жүргізілген жоқ. Оған сәйкес теріс нәтиежелер де берілмейді. Сондықтан бұл ретте Қазақстан аталған шараларға қосылмайды. Тағы да қайталап айтамын, біз қолданыстағы заңнаманы қатаң ұстанамыз», - деді вице-министр.
Сонымен қатар Г.Исаева еліміздің Ауыл шаруашылығы министрі ресейлік тарапқа ресми жауап бергенін баса атап өтті.