Театр әкімшілігінің хабарлауынша, "Санктъ-Петербургъ Опера" театрында ерекше қойылым, «Крым» операсының премьерасына дайындық жүріп жатыр. Қойылым идеясының авторы, режиссері - театрдың шығармашылық жетекшісі, Ресей халық әртісі Юрий Александров.
«Айта өту керек, бұл жерде басты назар аударатын мәселе - Ю.Александров жаңа опера жанрын жасаушы болып отыр» делінген хабарламада.
«Крым» опера-митингісінде көрермен драмалық шығармаға қатыса отырып, тарихи оқиғалардың куәсі болмақ. Шығармада орыс-түрік соғысы, Ұлы Отан соғысы және бүгінгі «Майдан» оқиғасы баяндалады.
«Біз спектакльде қазіргі кездегі оқиғаларға шығармашылық көзқараспен қараймыз. Оның мазмұны - қарапайым адамдар туралы. Олардың үндемей қалуға болмайтын жан жарасы жайында. Қойылым жүректерді тебірентіп, адамгершілік сезімді оятады деген үміттемін», - дейді Ю.Александров.