«Ресей темір жолдары» қызметкерлерді жаппай қысқартуды жоспарлап отыр

МӘСКЕУ.KAZINFORM – Биылғы жылы «Ресей темір жолдары» АҚ орталық аппараттағы қызметкерлердің шамамен 6 мыңын немесе шамамен 15%-ын қысқартуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды агенттік тілшісі ресейлік БАҚ-қа сілтеме жасап.

Фото: ТАСС

— Құрылым мен функцияларға талдау жүргізілді, соған сәйкес штат саны қысқартылады. Бұл ең алдымен әкімшілік-басқару аппаратына, оның ішінде филиалдар басшылығына қатысты. Жалпы алғанда шамамен 6 мың адам қысқартылады, — деді компания басшысы Олег Белозеров.

РЖД басшысы сондай-ақ 2019–2025 жылдарға арналған еңбек өнімділігін арттыру бағдарламасы 300 млрд рубль көлемінде қаржылық нәтиже бергенін, ал биыл бұл көрсеткіш 74 млрд рубль деңгейінде жоспарланып отырғанын атап өтті. РЖД барлық бағыттар бойынша ілгерілеп келеді: технологиялық даму, шығындарды қысқарту, электр энергиясы мен дизель отынын үнемдеу, тасымалдың сенімділігін арттыру және жөндеу жұмыстарының санын азайту. Бұл шаралар ұйымдық құрылымды трансформациялау мен оңтайландыруды да қамтиды.

Ол сондай-ақ жұмыс бірнеше бағыт бойынша қатар жүргізіліп келе жатқанын түсіндірді: технологиялық даму, шығындарды азайту, электр энергиясы мен дизель отынын тұтынуды оңтайландыру, сондай-ақ тасымалдау процесінің сенімділігін арттыру және жөндеу жұмыстары көлемін қысқарту. Компанияның ұйымдық құрылымын трансформациялау және жеңілдету маңызды бағыттардың бірі болып қала береді.

Еске салайық, 2025 жылдың тоғыз айының қорытындысы бойынша РЖД қаржылық нәтижелері 4 млрд рубльден астам шығынды көрсетті. Қаңтар айында компания Федералдық жүк компаниясының 49% акциясын сату туралы шешім қабылдады. Болжамды мәміле сомасы шамамен 44 млрд рубльді құрауы мүмкін.

Басқару аппаратын қысқарту жоспарлары туралы 2025 жылдың қазан айында хабарланған болатын. Сол кезде қызметкерлер санын қысқарту және құрылымдық өзгерістер жоспарын ұсыну тапсырылған еді.

Бұған дейін Мемлекет басшысы жаңа теміржол желілерін іске қосуды тапсырды.