РФ Сыртқы істер министрлігінің Африка мемлекеттері (Сахарадан оңтүстікке қарай) департаментінің директоры Анатолий Башкиннің айтуынша, қазіргі уақытта аталған төрт елмен тиісті келісімдер пысықталуда.
«Құжаттардың жобалары шетелдік әріптестерге жолданып, олардың қарауында», – деді ол «Африканская инициатива» басылымына берген сұхбатында.
Дипломат сондай-ақ Зимбабве, Кения және Эсватини азаматтарына Ресейге электрондық виза рәсімдеуге рұқсат берілгенін атап өтті.
Оның айтуынша, бұл тізімге болашақта басқа да африкалық мемлекеттер қосылуы мүмкін.
Айта кетейік, Ресейде заңсыз жүрген шетелдіктерге мәртебесін заңдастыру үшін бір ай қалды.